«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тізімге 186 адам енгізілді. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері, түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық саланың мүшелері бар.
«Әділет» партиясы ашықтық, заңдылық және демократиялық рәсімдерді құрметтеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысуын жалғастырады.