«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда 1,1 мың тонна қалдық шығарылды

Бүгін, 16:37 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Маңғыстау облысының прокуратурасы бірқатар жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың заңсыз шоғырлануын анықтау мақсатында арнайы құрылғыларды қолдана отырып, рейдттер жүргізілуде.

 Нәтижесінде 100-ге жуық заңсыз қоқыс орындар анықталып, оларды жою барысында арнайы полигондарға 1,1 мың тонна шамасында қалдықтар шығарылды. 

Заңнама талаптарын бұзып, қоршаған ортаны ластауға жол берген 1000-ға жуықтұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Сондай-ақ, профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, облыс тұрғындары мен қонақтарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Тэгтер:

Маңғыстау қоқыс Таза Қазақстан қалдық