Нұрай Серікбайдың отбасы сот процесін тікелей эфирде өткізуді талап етпек

Бүгін, 16:17 / Алуа Арман
Ғаламтор

Шымкентте қаза болған 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, прокурор қылмыстық іс материалдарын Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдаған.

Адвокат сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын, енді іс мәні бойынша қаралатынын айтты. Марқұмның отбасы сот процесінің барынша ашық өтуін талап етіп, сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді сұрамақ.

«Істі жан-жақты, толық әрі объективті қарау үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданады. Сонымен қатар, сот процесінің тікелей эфирде көрсетілуін талап етеміз», – деді Аянхан Омаров.

Тэгтер:

Шымкент қылмыстық іс сот отырысы адвокат сот процесі Нұрай Серікбай