Алматыда дәрігерлер салмағы 900 грамм нәрестені аман алып қалды (ВИДЕО)

Бүгін, 15:47 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматыда дәрігерлер дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында салмағы 900 грамм Сұлтан есімді сәбидің өмірін сақтап қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы неонатолог-дәрігер Айжан Маханбетова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсарып, салмақ қоса бастаған.