Еуропадағы аптап ыстықтан 10 мың адам көз жұмды

Бүгін, 14:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маусым айының соңында Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 10 мыңнан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеушілердің бағалауынша, қайтыс болғандардың 9 мыңнан астамы 65 жастан асқан адамдар. Дәл осы жас санатындағы азаматтар қалыптан тыс ыстықтың салдарына ең осал топ болып саналады. Жоғары температура тек күн өтуіне ғана емес, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруларының асқынуына да себеп болуы мүмкін.

EuroMOMO мамандары Еуропаның 27 елінің ұлттық статистикалық деректерін талдаған. Алайда жекелеген мемлекеттер бойынша көрсеткіштер жарияланған жоқ. Зерттеу авторларының айтуынша, маусымның соңғы аптасында артық өлім-жітімнің өте жоғары деңгейі тек Франция мен Бельгияда тіркелген.

Тэгтер:

Еуропа аптап ыстық