Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау қаупі артады. Осыған байланысты полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әрбір ата-ана білуі тиіс маңызды қауіпсіздік ережелері:
- Москит тор қорғаныс құралы емес. Ол баланың салмағын көтере алмайды. Бала торға сүйенген жағдайда, тор орнынан шығып кетуі мүмкін.
- Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз. Бір сәттік бейқамдық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
- Терезелерге балалар өздігінен аша алмайтын арнайы бекіткіштер мен шектеу құрылғыларын орнатыңыз.
- Терезе маңына жиһаз қоймаңыз.
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Әсіресе терезе ашық кезде оларды үнемі бақылауда ұстаңыз.
Еске саламыз: баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау салдарынан оның денсаулығына зиян келтірілсе, ата-аналар немесе заңды өкілдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.