Қазақстандық 12 боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Бүгін, 05:55 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. 12 шілдеде өткен U23 санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының 12 өкілі финалға жолдама алды.

Алтын медаль үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Азиза Исина (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін), Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Аман Қонысбек (75 келіге дейін), Өнер Сейілхан (80 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) бақ сынайды.

Сонымен қатар Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) қарсыласының болмауына байланысты финалға тікелей өтті.

Ал Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жартылай финалда жеңіліп, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

U23 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15-16 шілде күндері өтеді.