Ақмола облысында бір отбасының екі қызы көлікпен суға батып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақмола облысы облысының Целиноград ауданында су басқан карьерлердің бірінде қайғылы жазатайым оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандар отырған жеңіл көлік белгісіз себеппен суға кетті.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, отбасы су жағасынан демалуға барған. Киім ауыстырмақ болып 9 және 12 жастағы екі қыз көлікке кірген. Сол сәт көлік өздігінен жүріп кетіп, суға құлаған.
Хабарлама келіп түскеннен кейін Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД күштері мен оқиға орнына дереу жеткен.
"Авариялық-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар судан автокөлікті алып шықты, оның салонында қаза тапқан екі баланың денесі табылды. Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.