Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзғандардан 2,8 млн теңге айыппұл өндірілді

11 шілде, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Бас прокуратура

Жетісай ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 фактісі анықталды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды.

Көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Жетісай ауданының шекаралық аймақ мәртебесін ескере отырып, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.