Ауыр атлет Нұржан Жұмабай әлем чемпионы атанды

Бүгін, 14:56 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет.

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

"Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты", - делінген хабарламада.

Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды - 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді - 335 (151+184) келі.