Елімізде алғаш рет балық жемін шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Бүгін, 17:03 / Інжу Әлихан
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстанда алғаш рет экструдирленген балық жемін өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Аквашаруашылық саласы үшін стратегиялық маңызы бар жобаның қуаттылығы жылына 25 мың тонна. Аталған жоба балық шаруашылығының тұрақты дамуына, импортқа тәуелділікті төмендетуге және отандық өндірістің әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгінде Қазақстанда тауарлық балық өндірісі тұрақты өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 23 мың тоннаға жуық балық өсірілсе, оның шамамен 4 мың тоннасы – форель. Ал 2026 жылы өндіріс көлемін 64,7 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. «Посейдон» ЖШС секілді балық жемін өндіру зауыт санының артуы жоғары сапалы арнайы жемге деген сұранысты айтарлықтай өсіреді.

Елімізде балық шаруашылықтарының жылдық қажеттілігі шамамен 72 мың тонна. Оның негізгі бөлігі отандық өндіріспен қамтамасыз етілгенімен, жоғары протеинді жемдер бойынша импортқа тәуелділік әлі де сақталуда. Әсіресе форель мен бекіре сияқты коммерциялық маңызы жоғары балық түрлеріне арналған жоғары технологиялық жемдер елімізде өндірілмейді. Осы тұрғыда, бүгін бастау алып отырған жаңа зауыттың маңызы ерекше әрі аквашаруашылық кәсіпорындарын сапалы өніммен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

Жоба мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің жарқын үлгісі. Бұл бастама отандық аквашаруашылық саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға өз үлесін қосатын болады.