Бүгін Астананың Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен келген, түрлі салада еңбек ететін 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен сарапшылар, арнайы қонақтар қатысып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің Көкшетау қаласы бойынша көшбасшысы Хамза Еділдің айтуынша, жастардың саясатқа белсенді араласуы мемлекет саясатының өзгергенін көрсетеді.
«Мен – «Әділет» партиясының саяси кеңесінің мүшесімін. Бокстан жаттықтырушымын. Өсіп келе жатқан балам бар. Әке ретінде балаларымыздың болашағының баянды болуы үшін де саясатқа араласамыз. Жастардың саясатқа келуі жаңа өзгерісті талап етеді. Мемлекеттің саяси бағыттағы өзгерісін көрсетеді. «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі жастарға зиянды көптеген телеграм-боттардың жабылуына қол жеткізді. Осындай жұмыстарымызды партия құрамында жалғастырамыз», – дейді ол.