Мүмкіндігі шектеулі адамдар енді пойыздағы арнайы орындарды онлайн сатып алады

Бүгін, 12:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

І топтағы мүгедектігі бар адамдарға бұдан былай арнайы орынға билет рәсімдеу үшін теміржол кассаларына барудың қажеті жоқ. Енді мұны онлайн жасауға болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмаған еді. Бас көлік прокуратурасының қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде сәйкестендіруді қамтамасыз ете отырып, жүйені жетілдірді. 

2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар поездарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылды. Бұл ҚТЖ электрондық билеттеу жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың арқасында мүмкін болды. 

Нәтижесінде аталған санаттағы 90 мыңға жуық адам теміржол билеттерін онлайн сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Тэгтер:

билет Пойыз