"Пендеміз ғой, бақытты алыстан іздейміз": Нұрғали Нүсіпжанов әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

Бүгін, 20:00 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жұбайымен бірге түскен видеосын жүктеп, бүгінгі күніне, өмірдің әр сәтіне шүкіршілік ететінін жазған. Әнші адамның бақытты алыстан іздейтінімен, шын мәнінде оның күн сайынғы қарапайым жақсылықтардың ішінде екенін атап өтті.

"Бүгінгі күніме шүкір… Арайлап атқан ақ таңды аман-сау қарсы алғаныма, жылы күннің шапағат-шуағына шомып, саф таза ауаны жұтқаныма шүкір, көк аспан мен табиғаттың сан алуан сұлулығын көргеніме, сезінгеніме сансыз шүкір. Пендеміз ғой, бақытты алыстан іздейміз. Бірақ шын мәнінде, бақыт күн сайын кездесетін қарапайым нығметтердің ішінде ғой.

Сондықтан әр күнім үшін, әр демім үшін, өмір сыйлаған әр сәт үшін Аллаға тағы да, тағы да Аллаға шексіз шүкір айтамын… Шүкіршілік еткен жүрек, кешірімшіл кең жүрек еш уақытта кедей болмайды. Барға разы болған жанның бақыты да, берекеті де арта береді… Өз басым осы тәмсілге кәміл сенем", – деді өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы пікір қалдырып, оған денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық бақыт тіледі.

Тэгтер:

Нұрғали Нүсіпжанов