Жыл басынан бері өңірде алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын бұзудың 60-қа жуық дерегі анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кезекті құқық бұзушылық Алакөл ауданындағы дүкендердің бірінде анықталды. Тексеру барысында сатушының алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген уақыт талабын бұза отырып сатқандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, жыл басынан бері алкоголь өнімдерін белгіленген уақыттан тыс сату бойынша 40-қа жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Полицейлер заң талаптарын сақтау "Заң мен тәртіп" қағидатының негізгі талаптарының бірі екенін атап өтеді. Алкоголь өнімдерінің заң талаптарына сәйкес сатылуын бақылау құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.
Полиция сауда орындарының иелерін ҚР заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Бұл бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.