Белгілі педагог Науат Темірханова өмірден өтті

Бүгін, 11:46 / Інжу Әлихан
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрнекті педагог, камералық вокал өнерінің білгірі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ардагер ұстазы Науат Темірханова дүниден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суыт хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.

«Науат Мақсұтқызы саналы ғұмырын ұлттық вокал өнерін өркендетуге, жас таланттарды тәрбиелеуге және музыкалық білім беру ісіне арнады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, ұлттық вокал мектебінің қалыптасуына сүбелі үлес қосты.

Науат Мақсұтқызының жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыры мен ұлттық мәдениетке сіңірген елеулі еңбегі ел есінде мәңгі сақталады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Науат Темірханованың туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне, шәкірттеріне және барша өнерсүйер қауымға қайғыра көңіл айтады.

Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!», – делінген жазбада.

Тэгтер:

педагог вокал Науат Темірханова