Ақмола облысында шенеуніктер кәсіпкерлерге 42,6 млн теңге төлемеген

Бүгін, 09:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысы Есіл ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында дабыл түймесіне қызмет көрсету, тәулік бойы күзету қызметтері үшін, сондай-ақ жеткізілген тауарлар үшін, атап айтқанда интерактивті панельдер, кеңсе жабдықтары және т.б. үшін соманы төлемеу фактілері анықталды.

Анықталған бұзушылықтарды жою үшін аудан прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Оны қарау қорытындысы бойынша бұзушылықтар жойылды. 33 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, шарттық міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілді және жалпы сомасы 42,6 млн теңгеге төлем жүргізілді.

Аудан прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл бағыт қадағалау органының тұрақты бақылауында.

Тэгтер:

Ақмола облысы Шенеунік кәсіпкер