Туған күнінде жоғалып кеткен: Маңғыстауда суға кеткен жігіт табылмай жатыр

Бүгін, 21:41 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

Маңғыстау облысында суға кеткен 18 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол өзінің кәмелет жасқа толған туған күнінде қонақ үй маңында жоғалып кеткен, деп turkystan.kz тілшісі КТК телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір оқиға орнында ауқымды құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстарына 53 адам, 6 техника және 3 қайық жұмылдырылған. Сонымен қатар жағалау аумағы мен теңіз түбін тексеруге 10 сүңгуір тартылды. Әуеден бақылау жүргізу үшін 8 дрон пайдаланылып жатыр.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері өңірде 10 адам суға кеткен. Құтқарушылар тұрғындар мен демалушыларды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

"ТЖД жеке құрамы жұмыс істеп жатыр. Бұл жерге сүңгуірлер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаратын қызметкерлер жұмылдырылды", – деді Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз хатшысы Ерлан Солтанмұратов.

Тэгтер:

Теңіз