Елімізде темекі бағасы өсуі мүмкін

Бүгін, 15:32 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді көздейтін бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжатта сүзгілі және сүзгісіз темекілердің, папиростардың, сигариллалардың, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдерінің бір қорабына (20 дана) белгіленетін ең төменгі бөлшек сауда бағасын қайта қарау ұсынылған.

Министрлік бұл өзгеріс темекі өнімдеріне қатысты салық және баға саясатын жетілдіруге, темекі тұтынуды азайтуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге және көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуға бағытталғанын атап өтті.

Құжатта темекі бағасының нақты қаншаға қымбаттайтыны әзірге көрсетілмеген.

Бұйрық жобасы 20 шілдеге дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда болады.

Тэгтер:

баға темекі