Ақтаулық өнерпаздар Грузиядағы байқауда топ жарды

Бүгін, 14:42 / Інжу Әлихан
Lada.kz

Ақтаудың «МҰНАРА» халық би ансамблі Грузиядағы халықаралық шығармашылық байқауда бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Байқау Грузияда Әзербайжан, Ресей, Болгария, Қырғызстан және Қазақстаннан келген өнер ұжымдарының басын қосты. Байқауда қазылар алқасының назарына барлығы 71 шығармашылық нөмір ұсынылды.

Ақтау қаласының атынан қатысқан жалғыз ұжым – «МҰНАРА» халық би ансамблі болды. Қатты бәсекеге қарамастан, ақтаулық бишілер қазақтың ұлттық биін жоғары деңгейде орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Ансамбль орындаушылық шеберлігі, сахналық мәдениеті және ұлттық би дәстүрлерін сақтап, насихаттағаны үшін жоғары бағаланды.

«МҰНАРА» би мектебі мен халық би ансамблінің жетекшісі – Жұлдыз Тәженова.

Беделді халықаралық байқаудағы бұл жеңіс ақтаулық өнерпаздардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстан мәдениетін шетелде танытуға қосылған маңызды үлес болды.

Тэгтер:

би Мұнара