Ұлытау облысында тергеушіге пара берген кәсіпорын директоры ұсталды

Бүгін, 12:23 / Алуа Арман
polisia.kz

Ұлытау облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері пара беру дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдату мақсатында тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған. Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Ақша қаражаты тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Полиция пара беру заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Жаза айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі шараларды қамтиды.

 

 

 

 

Тэгтер:

Пара Тергеуші директор кәсіпорын Ұлытау облысы