Қазақстанның 4 азаматы Алтай Республикасында апатқа ұшырады

Бүгін, 11:09 / Алуа Арман
Алтай Республикасының ІІМ баспасөз қызметі

Ресей Федерациясының Алтай Республикасындағы Оңғұдай ауданында болған жол-көлік апатынан Қазақстанның төрт азаматы зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алтай Республикасы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 7 шілде күні Астана уақытымен шамамен сағат 10:00-де Белый Бом ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Changan X5 Plus автокөлігін басқарған 47 жастағы Қазақстан азаматы көлікті тізгіндей алмай қалған. Салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі арыққа аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Зардап шеккендердің барлығы Оңғұдай аудандық ауруханасына жеткізіліп, емдеуге жатқызылды.

Аталған жол апатына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен процессуалдық шешім қабылданады.

Тэгтер:

Жол апаты Алтай Республикасы