Абай облысында қауіпті түсірілім жасаған флорист жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Бүгін, 10:44 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Абай облысы полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қозғалыс кезінде жеңіл автокөліктің терезесінен денесін шығарып, қолына гүл себетін ұстаған жолаушы қыз бейнеленген видеоны анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері көлік жүргізушісі мен жолаушыны анықтады.

20 жастағы жүргізуші жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалғандықтан, іс материалы сотқа жолданды.

21 жастағы флорист болып жұмыс істейтін жолаушы қыз да қозғалыс кезінде көлік терезесінен денесін шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.