«Қазақстан темір жолының» басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», – делінген хабарламада.