Ақтөбе облысында аңшыдан қару-жарақ, киік еті мен мүйізі тәркіленді

Бүгін, 10:11 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақтөбе облысында полицейлер тіркелмеген қару мен киікке қатысты заңсыз заттай айғақтарды тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерінің қатысуымен Ырғыз ауылындағы жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізді.

Тінту барысында металл сейфтен тіркелмеген ИЖ-12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы, 56 дана оқ-дәрі, 12 дана киіктің мүйізі және 2 киіктің ұшасы табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция департаменті тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау, сондай-ақ мемлекет қорғауындағы жануарларды заңсыз аулау және сақтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Тэгтер:

Киік Ақтөбе облысы мүйіз аңшы