Бір айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 125 қылмыс тіркелді

Бүгін, 08:18 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Биыл маусым айында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 125 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің ішінде:

парақорлық – 97;

алаяқтық – 9;

лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану – 8;

жымқыру – 7;

қызметтік жалғандық – 3;

билікті асыра пайдалану – 1.

Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікке ілінді. Сондай-ақ 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданды.

"Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,7 млрд теңгені құрады. Оның 2,1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды", – деп хабарлады комитет.