Өзбекстанда үндістандық студент курстас қызды ноутбукпен ұрып өлтірді

Бүгін, 20:32 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Өзбекстанның Бұхара қаласында үндістандық студентке курстас қызды өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға студенттер арасындағы жанжалдан кейін болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 3 шілде күні 23 жастағы Үндістан азаматы мен оның 22 жастағы курстасы арасында жанжал шыққан. Сол кезде күдікті қыздың басынан ноутбукпен бірнеше рет соққы жасаған.

Ауыр жарақат алған студент қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол ішкі қан кетудің салдарынан көз жұмған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдікті де, марқұм да Бұхара мемлекеттік медицина институтында білім алған Үндістан азаматтары болған.

Оқиғадан кейін Өзбекстанның құқық қорғау органдары 23 жастағы күдіктіні ұстап, тергеу амалдарын бастады. Ал қаза тапқан студенттің денесі туған еліне жөнелтілген. Белгілі болғандай, ол отбасындағы екі баланың бірі болған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Тэгтер:

студент Өзбекстан