Қырғызстанда 181 жолаушысы бар ұшақтың бір қанаты сынып кетті

Бүгін, 20:11 / Жамбыл Жайлау
24.kg

Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайында TezJet әуе компаниясына тиесілі ұшақтың шассиі істен шығып, рейс тоқтатылды. Оқиға кезінде ұшақ бортында 181 жолаушы болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Бішкек – Ош бағыты бойынша ұшуға дайындалған әуе кемесінің артқы шассилерінің бірі сынған. Соған байланысты рейс тоқтатылып, төтенше қызметтер жедел іске кіріскен.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен ауыр жараланғандар жоқ. Барлық жолаушы авариялық трап арқылы қауіпсіз эвакуацияланды. Ұшақта екі ұшқыш пен төрт бортсерік те болған.

Әуежайдың ішкі рейстер терминалында жолаушыларға медициналық тексеру ұйымдастырылды. Дәрігерлер мен өрт сөндіру қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп, жеңіл жарақат алғандарға қажетті көмек көрсетті.

Әзірге TezJet әуе компаниясы болған жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қазір мамандар шассидің істен шығу себептерін анықтап жатыр.

Төтенше жағдайға байланысты Манас халықаралық әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды. Кейін әуежай әкімшілігі әуе айлағының жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ге дейін жабылатынын хабарлады.

Тэгтер:

Ұшақ Қырғызстан Бішкек