Бауыржан Жүсіпов: Жаңа Конституция денсаулық сақтау жүйесін барынша қолжетімді етеді

3 шілде, 2026 / Ербұлан Қайрат

Бауыржан Жүсіпов,
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы:

Жаңа Конституция денсаулық сақтау жүйесін барынша қолжетімді етеді

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін жетіл­діру жұмыстары жал­ғасып жатыр. Басты мақсат – әрбір азаматқа сапалы әрі қол­жетімді медици­на­лық көмек көрсету. Бұл қағидаттар еліміздің жаңар­тылған Конституциясында нақты көрініс тапқан.
Әрбір азамат міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қара­мастан, мемлекет кепілдік берген меди­ци­на­лық көмекті алуға құқылы.
Денсаулыққа қатысты жалған ақпараттың та­ралуына жол бермеу де – аса маңызды. Бүгін­де интернет пен әлеуметтік желілерде тексеріл­меген ақпарат пен түрлі емдеу тәсілдері жиі кездеседі. Сондықтан азаматтар ресми ақпарат көз­деріне және медицина мамандарының ұсы­нымдарына ғана сүйенуі қажет.
Азаматтардың денсаулығын қорғау құқы­ғын тиімді мемлекеттік қадағалаусыз толық қамта­ма­сыз ету мүмкін емес. Медициналық және фар­мацевтикалық бақылау комитеті көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін, сон­д­ай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйым­дардың айналымын бақылайды. Бұл жұ­мыс пациенттер­дің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жүйеге деген сенімді нығайтуға ба­ғыт­талған.
Конституциядағы өзгерістер денсаулық сақтау жүйесін халыққа барынша жақындатып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға жол ашады. Ең бастысы – әрбір азаматтың денсаулығын сақтап, өмір сүру сапасын жақсарту.

Тэгтер:

Конституция