«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолын орташа жөндеу аясында 1121–1186 шақырым және 1194–1209 шақырым аралығындағы учаскелерде жол жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осыған байланысты 2026 жылғы 8–18 шілде аралығында Ақсай – Жібек жолы учаскесінде, 1177–1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жөндеу жұмыстары кезеңінде қозғалыс айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар 2026 жылғы 8 шілдеден бастап Күрті – Шабыт учаскесінде, 1121–1177 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады.
Жүргізушілерден сапарды алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.