Қырым жағалауынан қазына толы кеме табылды

Қырым жағалауынан қазына толы кеме табылды

Қырым жағалауынан қазына толы кеме табылды
ашық дереккөзі
Қырымда Ресей суасты-зерттеу экспедициясының мүшелері «Ростов Дайв» клубының қатысуымен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде суға батқан Boy Federsen (бұрынғы «Харьков») кемесін тапты, деп хабарлайды gazeta.a42.ru. Кеме 90 метр тереңдікте жатыр және болжамдардың бірі сәйкес, онда фашистер басып алған Қырымнан құнды заттар тасымалданған. «Д-4 суасты қайығын іздеу кезінде үлкен кеме табылды. Гидроакустикалық өлшеулерден кейін бұл аумақта жоғалып кеткен "Харьков" (Boy Federsen) кемесімен салыстырды және кемелердің сәйкестігі 95% көрсетті», - деп «Российская газета» экспедиция жетекшісі Роман Дунаевтың сөздерін келтірді. Айта кетейік, биылғы мамыр айында табылған кемені жан-жақты зерттеу жоспарлануда.