«Таза өз еңбегіммен»: Мөлдір Мұқан тұңғыш қызына автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін, 15:09 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Продюсер Мөлдір Мұқан жоғары оқу орнын тәмамдаған тұңғыш қызына Audi A7 автокөлігін сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын тәмамдауы, екінші қызы Айымның мектеп бітіруі және кенже ұлы Райымбектің сүндет тойын біріктіріп, үлкен той өткізді. Осы жиында ол қызына көптен армандаған Audi A7 автокөлігінің кілтін табыстап, ақжарма тілегін айтты.

«Ата-ана ретінде біз ойлағаннан да асып түсетін, таңғалдыратын дүниелер жасап жүрсін. Қатты жақсы көремін сені. Әдемі ештеңе сұрамайды екен. Бірде шай ішіп отырып, армандап жүрген көлігін айтып қалды. Содан кейін таза өз еңбегіммен барып, Audi A7 көлігін сатып алдым», – деді Мөлдір Мұқан.