Павлодар облысында жас жігіт ауылдасының саусағын тістеп, жұлып алған

Бүгін, 14:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Оқиға 2026 жылғы 8 наурызда болған. 23 жастағы жәбірленуші жігіт Луганск ауылында таныс қызбен бірге спирттік ішімдік ішіп отырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отырыс барысында бойжеткен Розовка ауылындағы жігіт танысына телефон шалып, араларындағы мәселені талқылай бастаған. Әңгіме жанжалға ұласқан соң, бойжеткен такси шақырып, жолға шыққан. Үстел басында бірге отырған жігіт те қыздың соңынан ерген.

Розовка ауылына барған соң, бойжеткен танысымен бірден сөзге келіп, араларында төбелес басталған. Жәбірленуші жігіт ол екеуін ажыратпақ болғанда қызбен жанжалдасып жатқан жігіт оның саусағының бір буынын тістеп жұлып алған.

Зардап шеккен азамат медициналық көмекке жүгінген. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тиісті хаттама толтырды. Қылмыстық іс сотта денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша қаралды. Алайда тараптардың татуласуына байланысты сот айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Тэгтер:

төбелес Павлодар облысы Саусақ