Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйелге қомақты айыппұл салынды

Бүгін, 12:18 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 332 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан. Оның ішінде 328 адам басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы өз еркімен хабарлаған.

 – Басқа мемлекеттің азаматтығы бола тұра, Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланғаны үшін 12 азамат анықталды. Сонымен қатар 18 құқық бұзушы басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.

Мәселен, полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2022 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, Ресей төлқұжатын алған әйелді анықтады. Алайда ол бұл деректі жасырған және Қазақстан құжаттарын пайдалануды жалғастырған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 735 250 теңге көлемінде айыппұл салды.

Тэгтер:

қос азаматтық