Астана күні 448 сәби дүниеге келді

Бүгін, 09:10 / Інжу Әлихан
Денсаулық сақтау министрлігі

Елорда күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ең көп нәресте – 67 сәби Түркістан облысында дүниеге келді. Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.

«Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Сәбилері осындай айтулы күні дүниеге келген ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке және жарқын болашақ тілейміз!», - делінген хабарламада.