Екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Бүгін, 07:14 / Нұрлан Әлинұр
ҚБФ

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғаш болып U23 санатындағы спортшылар жарыс жолына шықты. Бүгін, 6 шілдеде Қазақстан құрамасының атынан екі боксшы сынға түсті.

Күндізгі сессияда Асылхан Көшербай 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Бутан өкілі Дечен Дорджимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды.

Кешкі сессияда Нұрасыл Төлебек 60 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тәжікстан боксшысы Дамир Мубалихоновпен кездесті. Нәтижесінде Нұрасыл төрешілердің шешімі бойынша қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға шықты.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.