Тамыздан бастап алма импорты уақытша шектелмек

Бүгін, 12:38 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Ауыл шаруашылығы министрлігі елге алма әкелуге уақытша тыйым салуды ұсынып отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжатқа сәйкес, тыйым 2026 жылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін енгізілуі мүмкін.

Жоба бойынша шектеу үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы әкелінетін алмаларға қатысты болады.

Алайда бұл тыйым Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдарға, сондай-ақ ЕАЭО елдері арасындағы Қазақстан арқылы өтетін алма тасымалына қолданылмайды.

Айта кетейік, әзірге бұл құжат қоғамдық талқылау сатысында.