«Ортақ сәби сүйгіміз келеді»: Динара Сәтжан жан сырын ақтарды

Бүгін, 07:59 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал блогер Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен ортақ сәби сүюді армандайтынын айтты. Бұл туралы ол журналист Шолпанға берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Динараның айтуынша, бүгінде олардың шаңырағында жеті бала тәрбиеленіп жатыр. Соған қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ перзент сүю жоспары бар.

«Қазір біздің отбасымызда жеті бала өсіп келеді. Дегенмен Жұмабек екеуміздің ортақ сәбиіміз болғанын қалаймыз. Мұндай жоспарымыз бар. Неге өз баламыз дүниеге келмеске? Бәлкім, жақын уақытта жақсы жаңалықпен бөлісетін шығармыз», – деді блогер.