Павлодар қаласында жеңіл автокөлік трамвай желісінің тірегіне соғылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, жол жиегіндегі трамвай желісінің бағанына соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жетті. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция апаттың нақты себептері тергеу барысында белгілі болатынын хабарлады.