Жаңалықтар

Венесуэла билігі Америкалық мемлекеттер ұйымынан шығуды бастамақ

ашық дереккөзі

Венесуэла билігі Америкалық мемлекеттер ұйымынан шығуды бастамақ

Венесуэла билігі Америкалық мемлекеттер ұйымынан шығу процесін бастайды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, мұндай мәліметті елдің сыртқы істер министрі Делси Родригес хабарлаған. Егер ресми Каракас құрылымнан шығып кетсе, Америка құрлығындағы ұйымға мүше емес жалғыз мемлекет атанады. Айта кетейік, бүгінде Венесуэла саяси әрі экономикалық дағдарысқа тап болып отыр. Елдегі ахуалдың нашарлауына байланысты тұрғындардың наразылығы да үдей түсті. Соңғы мәліметке қарағанда, 4 сәуірден бері шаһарларда ушыққан ереуілден 29 адам қаза тауып, 65 бұзақы тұтқындалған. «Оппозиция мүшелері ортақ мәмілеге келуден бас тартып, тығырыққа тіреліп отыр. Енді билікті тықсырып, ел ішін іркіттей ірітпек ойы бар. Бірақ мен бейбітшілікті жақтаймын. Тыныштық пен бірлік болса ғана кез келген қиындықты еңсере аламыз», – дейді Венесуэла президенті Николас Мадуро.