Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғыны Арман Мусин бірнеше күннен бері табылмай жатыр. Оның қайда екені әлі белгісіз. Туыстары мен құқық қорғау органдары тұрғындардан ер адамды табуға көмектесетін кез келген ақпаратты айтуды сұрайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1989 жылы туған Арман Мусин 30 маусым күні жоғалып кеткен. Сол күні ол 12-шағынаудандағы үйінен жұмысқа кеткен, алайда қайта оралмаған. Содан бері оның жүрген жері белгісіз.
Із-түзсіз жоғалған азаматтың бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі орташа, спорттық, көзі қоңыр. Үстінде көк түсті капюшоны бар футболка, қою көк джинсы шалбар және ашық түсті кроссовка болған.
Еріктілердің айтуынша, Арман Мусин Қарағандыдан тыс жерде де болуы мүмкін. Осыған байланысты іздеу туралы ақпарат Қазақстанның өзге қалаларында да таратылып жатыр.