Қазгидромет 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін, 09:46 / Нұрлан Әлинұр
Istockphoto

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 5 шілдеге арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, Орал, Ақтөбе, Балқаш және Жезқазған қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады. Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

Мамандар, әсіресе, тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, ауыр дене жүктемесін шектеуге және қажет болған жағдайда қорғаныс шараларын сақтауға кеңес береді.

Тэгтер:

ауа райы