Еркебұлан Тоқтар ресейлік Артем Тарасовты бірінші раундта нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Бүгін, 22:23 / Нұрлан Әлинұр
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Алматыда өтіп жатқан IBA Nomad 15 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар ресейлік Артем Тарасовты нокаутпен жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жартылай орта салмақтағы кездесу үш раундқа есептелгенімен, айқас ұзаққа созылған жоқ.

Еркебұлан Тоқтар бірінші раундтың алғашқы минуттарында-ақ жойқын хук жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді. Соққыдан кейін Артем Тарасов біраз уақытқа дейін орнынан тұра алмай, төреші кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.