17 жастағы шахматшы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атанды

Бүгін, 22:21 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы шахматшысы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағын алды, деп хабарлады облыстық әкімдік.

Ол үшін Алдияр Ансат Aktobe Open халықаралық турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық нормативті толық орындады.

"Алдияр Ансат – Қазақстанның талантты жас шахматшыларының бірі. Ол алты жасында елдегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат атанса, 11 жасында – ең жас FIDE шебері, 13 жасында – халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды", - деп жазылған хабарламада.