«Ажырассаң, өлтіремін деп қорқытқан»: Әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әйелін аяусыз ұрып-соққан

Бүгін, 22:03 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Әлеуметтік желіде бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әйелін соққыға жықты деген ақпарат тарады. Полиция бұл мәлімдемелерге жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Threads желісінде zh32457 никімен тіркелген пайдаланушы жазба жариялап, онда қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіповқа қатысты мәлімдеме жасаған.

"Көкшетау. Барынша таратуларыңызды сұраймын. Мен зардап шеккен әйелдің әпкесі ретінде жазып отырмын. 29-30 маусым немесе 1 шілдеде әпкемді оның жолдасы, 1988 жылы туған Теміртас Жүсіпов Берікұлы қатты соққыға жықты.

Салдарынан ол ауыр жарақаттар алып, ауруханаға түсті. Медициналық құжаттарда асфиксия, бастың ашық жарақаты, талма және бас мидың ісінуі сынды диагноздар тіркелді. Ол ес-түссіз болған. Болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Әпкемнің айтуынша, ол босап шыққан соң қоқан-лоқы көрсетуін жалғастырып, ажырасқан жағдайда оны өлтіретінін, барлық жерде танысы барын айтқан. Оны видеоға түсіріп, балаларды алып алу үшін оны психикалық дені сау емес деп көрсетпек болған.

Айта кету керек, Жүсіпов Теміртас кәсіби боксшы, әлем чемпионы және Азия чемпионы. Физикалық дайындығы осындай дәрежедегі адам зомбылық көрсеткені үшін айрықша жауапкершілікке тартылуға тиіс", - делінген жазбада.

Аталған жазбаға Ақмола облысы полиция департаменті пікір білдірген.

"Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 30 маусымда Көкшетау тұрғыны отбасындағы болған жанжал кезінде жарының денесіне жарақаттар салғаны анықталып отыр.