Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Әдемі Дубайдағы жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом иегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қуанышты жаңалықпен бөліскен ол әлеуметтік желідегі парақшасында ата-анасына жүрекжарды алғысын білдірді.
«Ең үлкен алғысым – әке-шешеме. Маған шетелде білім алып, бала кезден армандаған мамандығымды меңгеруге мүмкіндік жасағандарыңыз үшін шексіз ризамын. Әр бала үшін ата-анасының қолдауы мен осындай мүмкіндікке ие болуы – үлкен бақыт. Бұл – өмірімдегі жаңа белестің бастауы. Сенімдеріңіз, қолдауларыңыз және мен үшін жасаған барлық еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Рақмет сіздерге!» – деп жазды Әдемі.
Өз кезегінде Тұрсынбек Қабатов қызының жетістігіне қуанып, оның білім жолындағы еңбегін жоғары бағалады.
«Әдеміні Дубайға оқуға апарып тастаған күні қимай, бес сағат бойы жылап қайтқан едім. Бүгін сол үмітімізді ақтап, оқуын сәтті аяқтап шықты. Сенімен мақтанамыз! Ризамыз!» – деп жазды өнер иесі.