Павлодарда зейнеткер әйел үйдің үшінші қабатынан құлап кетті

Бүгін, 13:11 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Павлодарда 1961 жылы туған зейнеткер әйел тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

112 пультіне Павлодар қаласында 1961 жылы туған әйелдің абайсызда тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап, дүкеннің кіреберіс қалқасына к9лап кеткедігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сатының көмегімен зардап шеккен әйелге көтерілді. Альпинистік жабдықтар мен арнайы зембілді пайдалана отырып, олар әйелді биіктіктен қауіпсіз эвакуациялады.

Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін зардап шеккен әйел жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.