Тоқаев АҚШ президентіне құттықтау хатын жолдады

Бүгін, 12:19 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.

"Сондай-ақ мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады", - деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.