Белгілі қазақ журналисі Жанұзақ Аязбеков өмірден озды

4 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілі, Қазақстанның Құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Министрлік марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестеріне және оқырман қауымға көңіл айтты.

«Жанұзақ Аязбеков саналы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетінің дамуына арнады. Ол тағылымды туындыларымен оқырманның ықыласына бөленген қаламгер еді. Еңбек жолын Қостанай облыстық телерадио комитетінде бастап, кейін өңірлік радио мен баспасөз саласында жауапты қызметтер атқарды. Кәсіби білімі мен мол тәжірибесін ел мүддесіне жұмсаған азаматтың журналистика мен руханият саласындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланды», – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство Жанұзақ Аязбековтің жарқын бейнесі, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұрасы ел есінде сақталатынын атап өтті.

Министрлік марқұмның жаны жәннатта болып, жатқан жері жайлы болсын деген көңіл айту сөзін жеткізді.

Тэгтер:

журналист