Астанада масаң күйдегі екі ер адам Есіл өзенін жүзіп өтпек болды

3 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
ТЖМ

Астанада мас күйдегі екі ер адам Есіл өзенін жүзіп өтпек болған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін күндіз Есіл өзені акваториясын патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары суда жүрген екі ер адамды байқаған. Олар алкогольдік мас күйде болған.

Ер адамдар өзенді өз бетінше жүзіп өтпек болған.

"Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында 1989 және 1992 жылы туған азаматтар аман-есен жағаға шығарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ведомство.

ТЖД азаматтарға мына ережелерді еске салды:

Тэгтер:

Астана Есіл